Шымкентте 27 білім беру ұйымы тест тапсырады

Шымкентте 27 білім беру ұйымы тест тапсырады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында 1 сәуір мен 18 сәуір аралығында PISA-2025 халықаралық зерттеуі жүргізілуде. Бұл зерттеу әлемнің 80-нен астам елінде жүргізілетін оқушылардың білім деңгейін бағалау мақсатындағы маңызды шара болып табылады.

Жалпы, 27 білім беру ұйымы тест тапсырады, оның ішінде:
•Мемлекеттік мектептер – 17
•Жекеменшік мектептер – 5
•Колледждер – 5

Қазіргі таңда 10 білім беру ұйымы тест тапсырып, сәтті аяқтады. Осы зерттеу нәтижесінде оқушылардың оқуға деген қабілеті мен дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін маңызды мәліметтер алынатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

МЫРЗАШӨЛГЕ ЖАҢА ЖОЛ: «ДАРБАЗА – МАҚТААРАЛ» ТЕМІРЖОЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,7 МИЛЛИОН АДАМ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚАМТЫЛҒАН

berdaly_oraz

Кентауда «Даналық көпірі» интерактивті кездесуі өтті