Арыстың әкімі Наурыз ықшам ауданындағы мәселелерді талқылады

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қала дамуын зерделеу мақсатында әр аптаның сенбі және жексенбі күндері тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдауды дәстүрге айналдырған. Өткен сенбіде әкім кезекті сапарын Наурыз ықшам ауданынан бастап, жергілікті тұрғындармен жүздесті.

Кездесу барысында аудан тұрғындары қала басшысына бірқатар маңызды мәселелерді жеткізді. Олар ең алдымен П.Арапов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, көше жарықшамдарының жұмыс уақытын өзгерту, футбол алаңдарын күрделі жөндеуден өткізу, балалар алаңдарын салу сияқты мәселелер де көтерілді. Тұрғындар балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін жаңа 11 жылдық мектеп салу қажеттігі туралы өтініш айтты.

Қала әкімі барлық ұсыныстар мен өтініштерді мұқият тыңдап, әрқайсысы назарға алынатынын айтып, тиісті жұмыстардың биыл басталатынын, ал қаржы мәселесіне байланысты шешімдер кезең-кезеңімен жүзеге асатынын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Сауранда жаңа саябақ ашылды

Арыс гуманитарлы-техникалық колледжінде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Redaktor Arysinfo

Арыс – Түркістан бағытында жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті — дереккөз

berdaly_oraz