Бір адамның қолынан келмеген істі көптің күшімен атқару – қазақтың қанында бар қасиет. «Асар» деп аталатын осы бір тағылымды дәстүр бүгінде де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Арыс қаласында қолға алынған игі бастамаға Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілерінің қатысуы – соның айқын дәлелі.
Қазір қоғамда бірлік, өзара көмек, жанашырлық туралы жиі айтамыз. Алайда осы құндылықтарды сөзбен емес, нақты іспен көрсету маңызды. Асардың негізгі мәні де осында. Ол – біреудің міндетін атқару емес, ортақ іске бейжай қарамай, туған жердің игілігі үшін жұмылу.
Арыс қаласында ұйымдастырылған асар жұмыстарына Жастар ресурстық орталығының ұжымы мен еріктілері белсенді атсалысты. Жастар уақыттары мен күш-жігерін ортақ іске арнап, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты. Бұл бастама олардың қоғамдық өмірге белсенді араласып, туған жер алдындағы жауапкершілікті сезінетінін көрсетеді.
Қазақ қоғамында асардың орны қашанда ерекше болған. Бұрын баспана салу, қора-қопсы тұрғызу, егін жинау немесе қиындыққа тап болған отбасына көмектесу кезінде ауыл-аймақ түгел жұмылған. Ешкім ақы сұрамаған, ешкім еңбегін есептемеген. Өйткені көптің көмегі – ортақ жауапкершіліктің белгісі саналған.
Бүгінде заман өзгергенімен, асардың мәні өзгерген жоқ. Керісінше, адамдар арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдағы жанашырлық мәдениетін қалыптастыру үшін мұндай бастамалардың маңызы арта түсті.
Өкінішке қарай, кейде ортақ іске келгенде «Бұл менің міндетім емес» деп сырт айналатын көзқарастар да кездеседі. Ал асар дәстүрі әр азаматқа туған жердің тағдырына бейжай қарамауды үйретеді. Қоғамның тазалығы, елді мекеннің көркеюі, мұқтаж жанға қолдау көрсету – тек белгілі бір мекеменің немесе қызметкердің емес, баршамыздың ортақ ісіміз.
Арыстық жастардың асар жұмыстарына қатысуы – тәрбиелік мәні зор бастама. Себебі еріктілік тек қолғабыс көрсету емес, ол – адам бойындағы жауапкершілік, мейірімділік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыратын азаматтық мектеп.
Осындай шаралар арқылы жас буын көпшілікпен жұмыс істеуді, ортақ мақсатқа жұмылуды және өз еңбегінің қоғамға
