Астанада NXplorers: Nature’s Code 2026 V республикалық ғылыми-көпшілік фестивалі өтті

2026 жылғы 20 қарашада Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «NXplorers: Nature’s Code 2026» V республикалық ғылыми-көпшілік фестивалі өтті. Күні бойы іс-шараға 2 000-нан астам адам қатысты, оның ішінде шамамен 1 600-і мектеп оқушылары. Фестивальдің салтанатты ашылуына 1 000-нан астам адам жиналды.

Биылғы фестиваль Қазақстанда бес жыл бойы жүзеге асырылып келе жатқан халықаралық Shell NXplorers білім беру бағдарламасының мерейтойына арналды. Бағдарлама жастардың жүйелі, сыни және экологиялық ойлау қабілеттерін дамытып, қоршаған орта мәселелерін зерттеуге және оларды шешудің практикалық жолдарын табуға бағытталған.

Nature’s Code фестивалі жыл бойы өткен «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» республикалық экологиялық жобалар байқауының қорытынды әрі ең маңызды кезеңіне айналды. Биыл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық өтінім түсіп, олардың шамамен 70-і жартылай финалға өтті. Нәтижесінде үздік 20 команда Астанада өткен финалға жолдама алды.

Финалистер арасында ауылдық мектептердің оқушылары да көп болды. Олардың кейбірі үшін бұл республикалық деңгейдегі алғашқы ірі іс-шара және елордаға алғашқы сапар болды. Жас зерттеушілер өз өңірлеріндегі экологиялық мәселелерді зерделеп, қалдықтарды қайта өңдеу, ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бағыттарындағы жобаларын ұсынды.

Байқаудың басты нәтижесі — үздік бес командаға экологиялық жобаларын жүзеге асыру үшін әрқайсысына 1 200 000 теңгеден грант табысталды. Жалпы грант қоры 6 миллион теңгені құрады.

Байқау жеңімпаздары — Terra Green, Altai Paper Loop, Eco Qadam, Aero X және Rebottle командалары.

Бұл қолдау оқушылардың идеяларын нақты іске асыруға және олардың алғашқы ғылыми-технологиялық бастамаларын дамытуға мүмкіндік береді.

Фестиваль «Болашақтың кодын аш / Раскрой код будущего / Unlock the Code of the Future» ұранымен өтті. Бағдарламада ғылым, өнер және технология тоғысқан төрт тақырыптық бағыт ұсынылды: «Назар коды», «Түс коды», «Дыбыс коды» және «Өзгеріс коды». Қатысушылар ғылыми-көпшілік қойылымдарды тамашалап, интерактивті алаңдарда тәжірибе жасап, NXplorers әдістемесінің құралдарымен танысты.

Фестиваль байқау қатысушылары үшін ғана емес, қонақтар үшін де есте қаларлық болды. Барлық келушілер арасында екі ноутбук ұтысқа тігіліп, олар осы күнді NXplorers-пен бірге өткізуге келген көрермендерге бұйырды.

Бес жыл ішінде NXplorers Қазақстанда оқушылар мен педагогтерді біріктіретін, экологиялық мәселелерді зерттеуден бастап нақты жобаларды жүзеге асыруға дейінгі мүмкіндіктерді ұсынатын білім беру бастамасына айналды.

Фестивальді «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры «Шелл Қазақстан» компаниясының қаржылық қолдауымен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әкімшілік қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараның Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/nxplorers.kz/ 

Іс-шараның ресми сайты: https://zhasylurpak.com/naturescode 

Іс-шараның афишасы: https://drive.google.com/drive/folders/1f1KcC3M1OLd0svtYjmdiAanum_3bM5ul 

Анықтама үшін:

Шелл Казахстан — экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, энергия тасымалдағыштарға өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыруға ұмтылатын интеграцияланған энергетикалық компания.

«Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры — Қазақстанда STEAM білімін танымал ететін, мұғалімдердің біліктілігін арттыратын және оқушыларды оқытатын білім беру ұйымы.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында балық және жүгері шаруашылығы жаңа деңгейде дамуда

berdaly_oraz

Арыс тынысы: Байырқұм ауылына табиғи газ берілді

Азия чемпионы Бекасыл Асамбек Түркістанда салтанатпен қарсы алынды

Redaktor Arysinfo