Астанада салынатын LRT вагондары Қытайда жасалып жатыр

Астана қаласында жоспарланған жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің алғашқы пойыздары Қытайдың Таншань қаласында жасалып жатыр. City Transportation Systems (CTS) компаниясының хабарлауынша, бастапқы кезеңде 19 вагоннан тұратын жылжымалы құрамға тапсырыс берілген.Бұл туралы Arysinfo.kz хабарлайды.

Ұзындығы 60 метр, толық автоматтандырылған GOA 4 басқару жүйесімен жабдықталады.Бұл технология есіктерді автоматты басқару, қозғалыс жылдамдығын реттеу, пойыздың жағдайын бақылау және қашықтан басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта пойыз вагондары алюминий қорытпасынан жасалып, дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде.CTS басқарушы директоры Орынбасар Ағыбаевтың мәлімдеуінше, алғашқы құрамдар мамыр айының соңына дейін дайындалады, ал қыркүйек айында олар Астанаға жеткізіліп, сынақтан өтеді.

Ұзақ уақыт кейінге шегеріліп келген бұл жоба қаланың қоғамдық көлік инфрақұрылымын жақсартып, жолаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық жастар Отан алдындағы борышын өтеуге кетті

«1,3 миллионға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда»Түркістан облысында көгалдандыру жұмыстары қарқын алады

berdaly_oraz

Малшылар мен шопандарға зейнет жасын төмендету ұсынылды

berdaly_oraz