Астанада жоғалғанына 1 апта болған 20 жастағы студент өлi күйде табылды

Астанада жоғалғанына 1 апта болған 20 жастағы студент өлi күйде табылды -деп хабарлайды Арысинфо.кз.

Астанада бірнеше күн бұрын жоғалған 20 жастағы студент Темірхан Темірлан Әділханұлы өлі табылды.

Ол 11 қарашада Еуразиялық гуманитарлық институттан шыққаннан кейін хабарсыз кеткен. Бойы 175 см, көзі қоңыр, бетінде меңдері бар. Сол күні үстінде ақшыл куртка, қара бас киім, қара джинсы және аяқкиім болған, жеке рюкзак пен құжаттары өзімен бірге болған.

Еріктілердің хабарлауынша, Темірхан 14 қараша күні кешке табылған. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының жастары “Qaisar-2025” патриоттық ойындарында жүлделі орынға ие болды

berdaly_oraz

Облыста тағылымы мол кештер жиі ұйымдастырылып тұрады

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ БАР

Redaktor Arysinfo