АУДАНДЫҚ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ – ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Жетісай ауданында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жедел басқару орталығы іске қосылды. Жоба жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдарының бірлескен жүйелі жұмысының нәтижесі болып отыр.

Жаңа орталық қала, кент және ауылдық округтерде орнатылған бейнебақылау камераларынан түсетін ақпаратты орталықтандырылған түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл құқық қорғау қызметтеріне жедел әрі нақты шешім қабылдауға жол ашады.

Орталықтың жұмысымен танысу үшін аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбеков аудандық полиция бөлімінде болды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Ермеков бейнебақылау жүйелерінің қылмысты ашу мен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы маңызын атап өтті.

Бақылау барысында бірқатар заң бұзушылық деректері жедел анықталып, тиісті құқықтық баға берілді. Енді бейнекамералар арқылы тек қылмыс жасағандар мен жол ережесін бұзған жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілердің де тәртіп бұзушылықтары тіркелетін болады.

Алдағы уақытта бейнебақылау жүйесін кеңейту, техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру және құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыру жоспарланып отыр. Бұл тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін күшейтіп, қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ШАРАСЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАН-ҚАЛАЛАРЫНДА КӨРІСУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРЕТІН ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

berdaly_oraz