БЕЛДІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН РЕФЕРЕНДУМ ЖАЙЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

Арыс қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының қалалық филиалы өкілдері шаһардағы іргелі білім ошақтарының бірі – М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы ұжымымен кездесу өткізді. Басқосуға мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері қатысып, алдағы конституциялық өзгерістер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында коалиция мүшелері ұсынылып отырған түзетулердің негізгі бағыттарын, олардың қоғамдық-саяси маңызын және күтілетін нәтижелерін тарқатып баяндады. Әсіресе басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейту және қоғамдағы әділдік қағидаларын нығайтуға қатысты нормаларға басымдық берілді. Кездесу ашық форматта өтіп, ұстаздар қауымы өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Жиында сөз алған AMANAT партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков конституциялық өзгерістердің ел дамуы үшін стратегиялық мәнге ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, референдум – халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік, сондықтан әр азаматтың саналы әрі жауапкершілікпен қатысуы аса маңызды.

Кездесу барысында қатысушылар реформалардың білім саласына ықпалына да тоқталды. Ұстаздар қауымы заңнамалық өзгерістердің әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне назар аударып, ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында мектеп ұжымы алдағы саяси науқанға белсенді қатысуға дайын екендерін білдірді. Басқосу мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік берген, маңызды мәселелерді нақтылап алуға бағытталған тиімді диалог алаңы ретінде бағаланды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында Конституциясының 30 жылдығына орай ерекше тағылымды шара ұйымдастырылды

berdaly_oraz

Түркістан төрінде “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің концерті өтті

Түркістан: Арыста «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті

Redaktor Arysinfo