ДУБАЙДА ЕМЕС — БОЗАЙДА: ӘН САЛАТЫН ҚҰМНЫҢ ҚҰПИЯСЫ

Келес ауданының Бозай ауылы — тек мал шаруашылығымен емес, табиғаттың ерекше тылсым құбылысымен де танымал мекен. Жергілікті тұрғындар бұл өңірдегі құмды “Әнші құм” деп атайды. Себебі, жел соққан сәтте құм төбелерінен ызыңға ұқсас ерекше әуез естіледі. Бұл дыбыс табиғаттың өз тілінде шырқалған әуеніндей әсер қалдырады.

Көшпелі сипаттағы құм жылдар бойы өз орнын баяу өзгертіп, табиғаттың тынысымен үндесіп тұрады. Мұндай құмды алқаптар Бозай ауылына ерекше келбет беріп, оны ел ішіндегі экотуризмнің әлеуеті зор аймақтарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді.

Табиғаттың осындай сырлы құбылысы Бозайды өзгеше құндылыққа ие етіп, “ән салатын құммен” аты шыққан мекенге айналдырып отыр. Бұл – табиғат пен адам тіршілігінің үндесім тапқан ерекше көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған тағзым рәсімі өтті

berdaly_oraz

Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Киелі Түркістанға Ақ Жайық өнер керуені келді