Еңбек қауіпсіздігін сақтамағандарға қатаң шаралар енгізілді

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерболат Абулхатин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, 2023 жылдан бастап еңбек қатынастары бойынша мемлекеттік бақылау тікелей Еңбек министрлігіне берілген. Бұл еңбек заңнамасының орындалуын қатаң бақылауға алуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге, жұмыс барысында зардап шеккен қызметкерлерге өмір бойы өтемақы төлеу, оларды оңалтуға сақтандыру компанияларының сыйақысынан 12% бағыттау, және санаторлық емделуге 100 АЕК көлемінде қаражат бөлу мәселелері заңмен бекітілген.

Жаңалықтар қатарында еңбек инспекторларының жұмысын оңтайландыру үшін:

  • кәсіпорындарды бақылау тізімі автоматтандырылды,
  • өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге арналған «FSM» мобильді қосымшасы іске қосылды,
  • «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» кәсіби стандарты бекітілді.

Сондай-ақ, тексерулер форматы өзгеріп, тәуекелдерді бағалау деректері автоматты түрде жүйе арқылы анықталады. Енді тексерулерге алдын ала ескерту берілмейді, ал жоспардан тыс тексерулер кезінде тексеру парақтары қолданылмайды.

Бұл реформалар еңбек орындарындағы қауіп-қатерлерді азайтып, еңбек инспекциясының тиімділігін арттыруға және еліміздегі тәжірибені халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шардарада полицейлер браконьерлерді ұстады

berdaly_oraz

Арыста кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

Пікір жазу