Ертең «Тесік көпір» Арыс Сырдария жолы уақытша жабылады

Арыс қаласы мен Сырдария елді мекенінің арасын жалғайтын негізгі өткел — ел ішінде «Тесік көпір» атауымен танылған теміржол көпірі алдағы бейсенбіде уақытша жабылады. Себебі – көпірге жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Құзырлы мамандардың хабарлауынша, 2025 жылдың 10 сәуірі күні таңғы сағат 9:30-дан бастап түскі 14:00-ге дейін көпірдің ішкі құрылымына техникалық қызмет көрсетіледі. Осы аралықта қатынас толықтай тоқтатылып, жол қозғалысы шектелмек.
Қалалық әкімдік уақытша шектеуге түсіністікпен қарауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Отырар және Арыс кәсіпкерлерінің мәселелері тыңдалды

Түркістанда «II Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» симпозиумы басталды

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАНҒА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» КЕЛДІ

Redaktor Arysinfo