«ХИМИЯ – БИОЛОГИЯ: ӨМІР НЕГІЗІ» ПӘН АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

Туркестан облысы Қазығұрт ауданы 11колледжінде  жаратылыстану ғылымдарына арналған «Химия – биология: өмір негізі» атты пән апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Апталықтың басты мақсаты – студенттердің химия мен биология пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ғылыми дүниетанымын кеңейту және зерттеу дағдыларын дамыту болды.

Іс-шара барысында білім алушылар түрлі форматтағы танымдық жұмыстарға белсене қатысты. Атап айтқанда, зертханалық тәжірибелер жүргізіліп, қызықты химиялық реакциялар мен биологиялық процестер тәжірибе жүзінде көрсетілді. Сонымен қатар, пәндік викториналар, интеллектуалды сайыстар және ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Апталық аясында студенттердің шығармашылық қабілетін дамытатын көрмелер мен сергіту сәттері де өткізіліп, оқу үдерісі тартымды әрі мазмұнды форматта өрбіді.

Белсенді қатысқан студенттер өз білімдерін ортаға салып, жаратылыстану ғылымдарының өмірдегі маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Осындай апталықтар жас буынның ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек нарығына жолдама: Жетісу университеті мыңдаған жас маманға диплом табыстады

Redaktor Arysinfo

Шекарасыз серіктестік: Түркістан мен Ташкент жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Redaktor Arysinfo

Тоқаев: Президент мерзімінен бұрын кетсе, сайлау екі ай ішінде өтуі тиіс

berdaly_oraz