Изолятордағы туған күн: Жауапты қызметкерлерге қатаң шара қолданылды

Шерзат Полаттың өліміне күдіктілердің изоляторда туған күн тойлауы үлкен дауға айналды. Желіде тараған видеоны Еңбекшіқазақ ауданының бұрынғы ішкі істер қызметкері түсіргені анықталды.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл қызметкер қызметтік мүддені сатып, ішкі істер министрлігінің тәртібін өрескел бұзған. Осыған байланысты ол қызметінен босатылып, арнайы атағынан айырылды.

Жалпы, осы оқиғаға байланысты 16 қызметкерге қатаң тәртіптік шаралар қолданылған. Олардың бір бөлігі қызметінен босатылса, қатарында ішкі істер бөлімшесінің басшысы да бар. Бұл жағдай құқық қорғау жүйесіндегі тәртіпті күшейту қажеттігін тағы бір мәрте көрсетті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 1000 түр гүл және ағаш егілді

Жүргізуші куәлігін алуды қатаңдатып,автомектептерді бақылауға алу керек- сенатор Марат Қожаев

berdaly_oraz

Түркістан облысының тұрғындарына 10 мыңнан аса бос жұмыс орны ұсынылды

Пікір жазу