Қайсар Маңқараев:Тазалық – әрбір азаматтың жауапкершілігі

Арыс қаласында санитарлық тазалықты сақтау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Қала аумағы 17 секторға бөлініп, әрбір секторға мемлекеттік мекемелер жауапты ретінде бекітілген. Бұл жүйе қала әкімінің бастамасымен енгізіліп, тазалықты қадағалау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қала әкімі Қайсар Маңқараевтың жетекшілігімен сектор жетекшілерімен арнайы жиын өткізіліп, 1 наурызға жоспарланған жалпықалалық сенбіліктің ұйымдастырылу барысы талқыланды. Жиын барысында әр сектордың тазалық жұмыстарын бақылау күшейтілетіні айтылып, тұрғындардың бұл іске белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді.

«Тазалық – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Егер барлығымыз өзіміз тұратын аумақтың тазалығына мән берсек, қаламыз да көркейе түседі. Бұл тек әкімдік пен мекемелердің міндеті ғана емес, әр тұрғынның да үлесі маңызды. Сондықтан алдағы сенбілікке барлық азаматтар белсене қатысады деп сенемін», – деді қала әкімі.

Алдағы сенбілік барысында көшелерді, қоғамдық орындарды ретке келтіру, қоқыстарды шығару, ағаш отырғызу мен көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Бұл шара тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға да оң ықпал етеді.

Қала тазалығы – мәдениеттің көрсеткіші. Сондықтан әрбір тұрғын өз үлесін қосып, Арыс қаласын таза әрі жайлы етуге атсалысады деп сенеміз!

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

berdaly_oraz

Өңір жаңалықтары: Жетісай диқандары қырыққабаттың алғашқы түсімін экспорттауда

Альфия Адамбек

Түркістанның “Тұран” волейбол командасы үш дүркін ел чемпионы атанды

1 пікір

6 kW Off-Grid Solar Mining Kit 11.03.2025 at 14:32

Excellent beat ! I would like to apprentice while you amend your website, how can i subscribe for a
blog site? The account helped me a acceptable deal.
I had been a little bit acquainted of this your broadcast
offered bright clear idea

Жауап беру

Пікір жазу