Қайсар Маңқараев: Тыл ардагерлеріне құрмет – ұрпақ парызы

Арыс қаласында Халықаралық әйелдер күніне орай тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл ардақты аналардың шаңырағына арнайы барып, оларға құрмет білдіріп, мерекелік сый-сияпат жасады.

Алғашқы болып құттықтау 92 жастағы Алтын анаға арналды. Ол жас күнінен еңбекке араласып, елдің қиын кезеңінде мал шаруашылығында тер төкті. Өмірінің басым бөлігін адал еңбекке арнаған асыл ана бүгінде ұрпағының ортасында құрметке бөленіп отыр.

Қала басшылығы 91 жастағы Ұлбике ананың да еңбегін елеусіз қалдырмады. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен ол елдің әл-ауқатын көтеруге өз үлесін қосты. Көпбалалы ана атанып, бүгінде немере-шөбересінің ортасында ақ батасын беріп отыр.

Мерекелік құттықтаулар легі 94 жастағы Айжарқын ананың үйінде жалғасты. Ол да соғыс жылдарында еңбекке араласып, бейнетті жасынан көрген жан. Өмірін мал шаруашылығына арнап, бүгінде үлкен әулеттің ардақты анасына айналған.

Қала әкімі мен қоғам өкілдері аналардың елге сіңірген еңбегін жоғары бағалап, олардың өнегелі өмір жолы бүгінгі жастарға үлгі болатынын атап өтті. Ардагер аналарға көрсетілген бұл құрмет – ұрпақтар сабақтастығы мен қазақы дәстүрдің жарқын көрінісі,-деді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында «Рухани көшбасшылық: өзіңді табу және дамыту» тақырыбында team building форматта семинар-тренинг өтті

Альфия Адамбек

Белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей осы жылдың 10 тамызда туылып,есімі Абай болып қойылған қазақстандықтарға 180 мың теңге сыйақы беруді уәде етті

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Қазығұртта «AL-FARABI»интеллектуалды ойыны өтті

Пікір жазу