Қайтарымсыз грант алуға өтінім қабылдау 21 мамырда басталады

2025 жылдың 21 мамырынан бастап Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз грант алуға өтінім қабылдау басталады. Гранттың көлемі – 400 АЕК немесе 1 572 800 теңге.

Бұл қолдау әлеуметтік осал топтарға өз ісін бастауға мүмкіндік беру мақсатында ұсынылады. Әр үміткер грантты тек бір рет ала алады.

Өтінім беру тәртібі:

  • Порталда тіркелу;
  • Грант талаптарына сәйкестіктен өту;
  • Бизнес-жобаны жүктеп, толтырып, ЭЦҚ арқылы растау.

Интернетке немесе техникаға қолжетімділік болмаса, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтініш беруге болады.

Грантқа кімдер үміткер бола алады:

  • Жұмыссыз ретінде тіркелгендер;
  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 3 жылдан аспағандар;

Әлеуметтік санаттар:

  • Еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар;
  • «Кандас» мәртебесі барлар;
  • Өңіраралық қоныс аударушылар;
  • АӘК алушы отбасылар;
  • Көпбалалы отбасы мүшелері;
  • Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар;
  • Асыраушысынан айырылған жандар.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев Төтенше жағдайлар министрімен кездесті

berdaly_oraz

Түркістан: Ордабасы ауданының орталығы гүлмен көмкерілді

Нұралхан Көшеров Ордабасы тұрғындарымен кездесті: өзекті мәселелер мен даму жоспары сөз болды

berdaly_oraz

Пікір жазу