ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЙСАР МАҢҚАРАЕВ ДЕРМЕНЕ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Бүгін қала әкімі Қайсар Маңқараев Дермене ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Ауылдастармен атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды бөлісіп, оларды толғандырған өзекті мәселелерін тыңдады.

Дерменеде атқарылған жұмыстар аз емес. Алда атқарылатын істер де жеткілікті. Қала басшысы әр сала бойынша жеке жеке тоқталып, сандарды сөйлетті, қала көлемінде атқарылған жұмыстар туралы толыққанды айтты.

Өткен жылы Саналы елді мекенінде «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни 100 тоннаға шақталған су жинау резервуары орнатылып, ауыз су жүйесі жүргізілмеген көшелерге жаңадан құбырлар тартылып, ел игілігіне берілді.

Сонымен қатар, Саналыда «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжол, Көрікті, Рахат, Өркендеу көшелеріне асфальт жол төселінді.

Округ орталығы Дермененің ішкі орамдағы 8 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынбақ. Бүгінде жобалық сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптамадан өткізілуде. Сонымен қатар, заманауи спорт зал салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, республикалық бюджетке сұраныс берілді. Тиісті қаржы бөлінген соң, құрылысы жұмыстары басталмақ.

Халық сұранысына сәйкес, биылҚаражантақ елді мекенінің Ақжусан көшесіне, Дермене елді мекенінің Думан және Әдіхожаев көшелеріне жарықтандыру жүргізілмек. Ал, Орманды елді мекеніне балалар ойын алаңшасын орнатылады.

Кездесуде тұрғындардың өтініштері мен сұрақтары зерделенді. Тұрғындар көтерген негізгі мәселелер жайылым жер, тұрақты жұмыс, ағын су мәселелері болды. Көтерілген ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, шаһар басшысы ауыл әкімінен мәселелердің шешілуі бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Кездесуден кейін, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, заңға сәйкес жауаптар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте еріктілер тыл еңбеккерінің жылдар бойы қараусыз қалғанын анықтады

berdaly_oraz

Шымкентте сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды

Түркістан облысында ер адам сарайында есірткі жасырып ұстағаны анықталды

berdaly_oraz

Пікір жазу