Қаражантақтың оқушы қыздары футболдан республикалық додада күміс жүлде иеленді

Арыс қаласына қарасты Қаражантақ елді мекеніндегі Б.Кенжебаев мектебінің 7-8 сынып оқушы қыздары Астана қаласында өткен «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалында күміс жүлдеге ие болды.

13–17 мамыр күндері өткен республикалық жарысқа 16 үздік мектеп командасы қатысып, 200-ден астам жас футболшы алаңда бақ сынады. Түркістан облысы атынан сынға түскен Қаражантақ командасы тартысты кездесулерде үздік ойын өрнегін көрсетіп, облыс абыройын асқақтатты.

Жеке шеберлігімен көзге түскен Еркежан Сүлеймен турнирдің «Үздік сұрмергені» атанды. Бұл жетістікке топ жетекшісі Бағдат Тойлыбаевтың еңбегі де зор. Команданың табандылығы ауыл мектептерінде де спорттық әлеуеттің жоғары екенін көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров түркиялық инвестормен зауыт ашу мәселесін пысықтады

Түркістан облысында әкімдердің жұмысын бағалайтын рейтинг жүйесі енгізілді

berdaly_oraz

Арыста мемлекеттік қызмет алушылар күні өтті

berdaly_oraz