«Қатты жел,найзағай» Ертең Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды

Арыс қаласы мен Түркістан облысының оңтүстік және таулы аймақтарында 22 сәуір күні қатты жел мен найзағай күтіледі. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, түнде және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен екпінді жел соғып, найзағай ойнайды. Ал 23-25 сәуір аралығында облыстың батыс бөлігінде, шөлді аймақтар мен Түркістан қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі қауіпсіздік шараларын ұстануды ескертеді:

  • Ашық алаңда немесе ағаш астында тұрудан аулақ болыңыз;
  • Жел күшейген кезде абай болыңыз, ғимараттар мен электр желілерінен алыс жүріңіз;
  • Құрғақ шөпке от жағуға қатаң тыйым салынады.

Төтенше жағдайлар қаупінің алдын алу мақсатында әр тұрғынның жауапкершілігі маңызды екенін еске саламыз. Табиғи құбылыстар кезінде сабыр сақтап, қауіпсіздік ережелерін ұстанған абзал.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді

berdaly_oraz

Алматы әуежайында ерлік жасаған азамат марапатталады

berdaly_oraz

Түркістанда «ASYL MURA» волонтерлік жобалар байқауы өтті