ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

2025 жылғы 26–28 желтоқсан аралығында Түркістан қаласында Социалистік Еңбек Ері, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің IX шақырылым депутаты Мұсахан Әжіғабыловтың рухына арналған қазақ күресінен ашық қалалық біріншілік өтті. Дүбірлі додаға 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер мен 2014–2015 жылғы кіші жасөспірімдер қатысты.

Турнирге Түркістан қаласы мен Бәйдібек ауданы, Шәуілдір, Жетісай, Шардара, Отырар өңірлерінен, сондай-ақ Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келген 10 команда сапындағы 300-ге жуық балуан бақ сынады.

Тартысты белдесулер нәтижесінде 32 келі салмақ дәрежесінде Ұлттық спорт клубының қазақ күресі бөлімінің спортшысы Батиров Фарух финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Жас балуанды және оның жаттықтырушысы Дадаев Сайдурды жоғары нәтижемен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз.

Ұқсас жаңалықтар

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Саяси кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы талқыланды

Redaktor Arysinfo

Шымкенттегі «Кәусар» кафесіндегі өрт оқшауланды: штаб құрылып, арнайы техника жұмылдырылды

berdaly_oraz

Арыс: Қамкөңіл қарт неге жалғыз?