Қазақстан тумасы Санжар Әбішев Лондонда депутат атанды

дереккөз фото Jas Alash

Ұлыбританияға мектеп жасында қоныс аударған 33 жастағы Санжар Әбішев Лондон қаласында өткен муниципалдық сайлауда депутат болып сайланды.

Ол Westminster City Council құрамына өтіп, Сент-Джеймс округі бойынша Conservative Party атынан бақ сынады. Сайлауда 974 дауыс жинаған Санжар Әбішев партияластарының қатарында жеңімпаз үштіктен көрінді.

Санжар Әбішев Ұлыбританиядағы беделді Малверн колледжі мен университетінде білім алған. 2025 жылы жергілікті консерваторлар бөлімшесіне жетекшілік еткен. Енді ол қала инфрақұрылымы, тұрғын үй саясаты және әлеуметтік бағдарламаларға қатысты шешім қабылдау жұмыстарына қатысады.

Сонымен қатар ол ABI атты қайырымдылық жобасын дамытып келеді. Жоба аясында соңғы 10 жыл ішінде түрлі ұйымдарға қолдау көрсету үшін 28 мың фунт стерлингтен астам қаражат жиналған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда 1000 МВт электр стансасы жобасы қалай іске асып жатыр

berdaly_oraz

Байқоңырдан ғарыштық жүк кемесі ұшырылады

berdaly_oraz

«ДАРЫН» СЫЙЛЫҒЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 17 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Redaktor Arysinfo