Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар пайда болмақ

дереккөз фото Жас Алаш

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға енгізілетін өзгерістерді мақұлдады.

Жаңа түзетулерге сәйкес, елде бірнеше жаңа мемлекеттік орден тағайындалады:

 «Әл-Фараби» ордені – білім, ғылым, мәдениет және рухани даму салаларында айрықша еңбек сіңірген азаматтарға табысталады. Орден атауы шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби есімімен байланысты.

 «Қожа Ахмет Ясауи» ордені – мемлекеттілік пен гуманитарлық-ағартушылық бағыттың дамуына үлес қосқан қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріне беріледі. Орден түркі әлеміне ортақ тұлға Қожа Ахмет Ясауи құрметіне аталған.

 «Мейірім» ордені – қайырымдылық және филантропия саласында белсенділік танытқан азаматтарды марапаттауға арналған.

Жаңа наградалар қоғамның түрлі саласында елеулі үлес қосқан азаматтарды ынталандыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодардағы алюминий зауытында екі жұмысшы жарақат алды

Redaktor Arysinfo

Шымкентте запасқа шығарылған әскери қызметшілерді салтанатты күтіп алды

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo