Қоныс – көшу емес, келешекке сенімді қадам!

Түркістан облысында 8 сәуірден басталған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі Түркістан қаласында жалғасын тапты. Солтүстік өңірлерге ерікті көшуге бағытталған бұл ауқымды шара Конгресс Холл кешенінде ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев пен облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева қатысты.

Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарынан келген 100-ге жуық делегация өкілі 500-ге тарта түркістандыққа 10 468 бос жұмыс орнын ұсынды. Мысалы:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2 959 орын
  • Шығыс Қазақстан – 2 671
  • Павлодар – 2 424
  • Қарағанды – 1 342
  • Қостанай – 823
  • Ұлытау – 145
  • Абай облысы – 104

Жәрмеңке нәтижесінде 128 азамат көшуге ниет білдірді. Оларға төмендегідей мемлекеттік қолдау қарастырылған:

  • 70 АЕК (275 240 тг) мөлшерінде көшуге арналған бір реттік төлем – отбасы мүшелерінің әрқайсысына.
  • 12 ай бойы баспана мен коммуналдық төлемге:
    • Қалаға көшкендерге – 20–30 АЕК
    • Ауылға көшкендерге – 15–21 АЕК
  • Экономикалық ұтқырлық сертификаты: үй сатып алуға 1160 АЕК (4 561 120 тг) көлемінде көмек.
  • Жұмысқа орналастыру, жер телімін беру және жеке кәсіп бастауға мүмкіндік бар.

Жәрмеңке бұған дейін Жетісай, Мақтаарал және Сайрам аудандарында да өткен болатын.

Абзал Казанкаповтың (Еңбек Мобильділігі Орталығының директоры) айтуынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2015-2024 жылдары аралығында Түркістан облысынан 15 589 адам қоныс аударған. Ал 2025 жылы республика бойынша 7 344 квота бөлініп, қолдау көрсетілетін 7 облыс анықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 3 мыңға жуық тұрғын сенбілікке қатысты

Шымкент қаласындағы «Көктем» базары ресми құжаттардың болмауына байланысты жабылғалы жатыр

berdaly_oraz

Түркістан облысында туризмді дамытуға жаңа әдістер енгізілуде

berdaly_oraz

Пікір жазу