КӨПТЕН КҮТКЕН ПРОБЛЕМА ШЕШІМІН ТАПТЫ

Арыс қаласының орталығындағы Ақмұрзаев көшесі (Махаля) тұрғындары үшін жылдар бойы қордаланып келген мәселе биыл өз шешімін тапты. Бұған дейін қала әкімі Қайсар Маңқараевтың қабылдауына келген тұрғындар қуыс көшелердің көңіл көншітпейтін жағдайын айтып, асфальт төсеуді сұраған болатын.

Тұрғындар өтінімі назардан тыс қалмай, биыл Ақмұрзаев көшесінің бес бірдей тармақты бөлігінде сапалы асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Бұған қоса, орталық көше бойына жаңа жарықшамдар орнату қарқынды жүргізіліп, бүгінде шамдар іске қосыла бастады.

Көп жыл бойы лай кешіп, жүріп-тұруда қиындық көрген тұрғындар аяқталған құрылыс жұмыстарына ризашылық білдірді. Олардың айтуынша, көше жабынының жақсаруы өмір сапасына тікелей әсер етіп отыр. Бұл – қала аумағындағы инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бағытында іске асырылып жатқан кешенді жұмыстың нақты нәтижесі.

Қала әкімдігі бұдан әрі де тұрғындар көтерген мәселелерді назарда ұстап, Арыстың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Келесте уылдырық цехы іске қосылып, алғашқы өнім алынды

Түркістан облысында полицейлер 17 мыңнан астам құқықбұзушылықты анықтады

«Әлеуметтік әмиян» жүйесі – «QazaqGaz Aimaq» АҚ әзірлеген мобильді қосымша

Redaktor Arysinfo