ҚР Жазушылар Одағының Түркістан облысындағы филиалының төрағасы мен өкілі, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері ақын Айдар Сейдазым саяси науқанда белсенділік танытып, өз таңдауын жасады.
« Ата заңымыз барда бізді сырттағы жау да, ішкі дау да ала алмайды. Сондықтан қазақ халқының жарқын болашағы үшін, зайырлы мемлекетіміздің берік іргесі мен бірлігі үшін өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру учаскесіндегі аура да ерекше әсер қалдырды. Барлық жағдай жасалған, азаматтар өз таңдауларын еркін әрі сенімді түрде білдіруде. Әрбір берілген дауыс маңызды әрі ел ертеңіне қосылған үлес деп санаймын» — деді ақын.
Айдар Сейдәзім Бастарбекұлы — 1980 жылы 26 желтоқсанда Ордабасы ауданы, Ақжол ауылында дүниеге келген. Республикалық, жыр мүшәйраларының лауреаты. Өлеңдері облыстық, республикалық газет-журналдарда жарияланып тұрады.
