Мақтааралда ҰҚК бөлімшесінің жаңа басшысы таныстырылды

Бүгін Мақтаарал ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесіне жаңа басшы тағайындалды. Аудан әкімі Бақыт Асанов пен ҚР ҰҚК Түркістан облысы департаментінің орынбасары Жанғали Орынбаев аудан активіне Еркебұлан Сапарғалиұлын ресми түрде таныстырды.
Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының жетекшілері, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жанғали Орынбаев жаңа бөлім басшысының ұлттық қауіпсіздік саласындағы кәсіби тәжірибесіне тоқталып, оның жауапты қызметтерді абыроймен атқара алатын білікті маман екенін атап өтті.

Аудан әкімі Бақыт Асанов Еркебұлан Сапарғалиұлын жаңа қызметімен құттықтап, Мақтааралдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бөлімшемен тығыз әрі нәтижелі әріптестік орнайтынына сенім білдірді.

Өз сөзінде жаңа бөлімше бастығы Еркебұлан Сапарғалиұлы көрсетілген сенім үшін алғысын айтып, заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында адал қызмет ететінін жеткізді.
Айта кетейік, ҰҚК аудандық бөлімшесі өңірдегі тұрақтылықты сақтау, заң бұзушылықтарды алдын алу және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Жаңа басшының тәжірибесі мен кәсібилігі аудан көлеміндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге оң ықпал етеді деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 100-ден аса адам жүгіру марафонына қатысты

Түркістан: Мақтааралда қоғамдық көліктер жаңартылуда