Мажарстанмен ірі инвестициялық жоба қолға алынып,Түркістанда жаңа зауыт салынбақ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Венгрия делегациясы аймақта заманауи құрама жем зауытын салу бойынша келіссөздер жүргізді. Кездесуге Венгрияның Алматыдағы бас консулы Саболч Карой Сёке, сыртқы сауда бойынша дипломатиялық өкіл Иштван Тибор Ковач және «UBM Group» компаниясының басшылығы қатысты.

Венгриядағы жетекші жем өндірушілердің бірі саналатын «UBM Group» Түркістан облысында жылдық қуаты 200 мың тонна болатын зауыт салуды көздеп отыр. Бұл жоба ауыл шаруашылығы саласына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Өндірілетін өнім ішкі нарықпен қатар, көрші мемлекеттерге экспортталмақ.

Аймақ басшысы зауытты Түркістан өңірінде салудың тиімділігін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюіне мүдделілік білдірді.

Анықтама: 1996 жылы құрылған «UBM Group» жылына 450 мың тонна өнім шығаратын 4 зауытқа ие. Жылдық сауда айналымы 1,5 млн тоннаға жетіп, өнімдерін 15 елге экспорттайды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте бәйшешек гүлдеді: көктемнің алғашқы белгісі

berdaly_oraz

АРЫС: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкентте пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр

Пікір жазу