МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ – ӨЗ ҚАУІПСІЗДІГІҢДІ ҚОРҒАУ

Меншік – әр азаматтың еңбегімен келген құндылық. Оны қорғау тек құқық қорғау органдарының емес, әр адамның өзіне жүктелген жауапкершілік.

Үйді, көлікті және жеке мүлікті сақтауда қарапайым қауіпсіздік талаптарын ескермеу ұрлық пен өзге де құқық бұзушылықтарға жол ашуы мүмкін. Сондықтан құнды заттарды қараусыз қалдырмай, есік-терезені мұқият құлыптап, көлікті қауіпсіз жерге қойған жөн. Мүмкіндік болса, бейнебақылау камерасы, дабыл жүйесі секілді заманауи қауіпсіздік құралдарын пайдалану да тиімді.

Сонымен қатар бейтаныс әрі күмәнді адамдарға сенбеу, жеке мәліметтер мен мүлікке қатысты ақпаратты бөтен жандарға жария етпеу маңызды. Күдік туғызатын жағдай байқалса, мәселені өз бетінше шешуге тырыспай, тиісті органдарға дер кезінде хабарлаған дұрыс.

Қырағылық – қауіпсіздіктің кепілі. Меншігіңізді қорғаңыз, қауіптің алдын алыңыз!

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында Конституциясының 30 жылдығына орай ерекше тағылымды шара ұйымдастырылды

berdaly_oraz

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

АРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӘДЕП ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Redaktor Arysinfo