Олжас Сүлейменов Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынылды

Қазақстанның белгілі ақыны, жазушысы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ресми түрде ұсынылды. Бұл туралы «Байтақ» жасылдар партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Партия мәліметінше, Алматыда өткен ұйымның V қалалық конференциясында тарихи шешім қабылданған. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев әйгілі жазушы, қоғам белсендісі және “Невада–Семей” антиядролық қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменовті Нобель сыйлығына ұсыну бастамасын жариялаған.

Партия өкілдері бұл ұсыныс ақынның тек Қазақстандағы ғана емес, әлемдік қауіпсіздік жолындағы еңбегін жоғары деңгейде мойындау екенін атап өтті.

Олардың айтуынша, Сүлейменовтің “Невада–Семей” қозғалысы аясындағы қызметі Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына тікелей ықпал еткен. Сонымен қатар Қазақстанның халықаралық бастамаларының нәтижесінде АҚШ-тың Невада штатындағы және өзге де бірқатар елдердегі төрт ірі ядролық сынақ алаңы жабылған. Бұл жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған ерекше үлес ретінде бағаланады.


Ұқсас жаңалықтар

Шардарада шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары күшейтілді

berdaly_oraz

Түркістан өңіріндегі колледждерде 9 жаңа мамандық ашылады

Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер: инвестор үшін нені білу маңызды

berdaly_oraz