ОРДАБАСЫДА ЖАҢА КІРПІШ ЗАУЫТЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданының Ықыластемір ауылында заманауи кірпіш зауыты пайдалануға берілді. Кәсіпорын «Altyn land» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі.

Жаңа өндіріс орнының ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, зауыт ұжымын құттықтады. Өңір басшысы мұндай нысандардың іске қосылуы аймақ экономикасына серпін беріп, жергілікті тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Бұл жоба толықтай жеке инвестор қаражаты есебінен жүзеге асқан. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың көктемінде басталып, небәрі төрт айдың ішінде аяқталды. Жалпы құны 2,3 миллиард теңгені құрайтын зауыт 3 гектар аумақта орналасқан. Мұнда 120 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Өндірістік қуаттылығы жылына 90 миллион дана кірпіш шығаруға жетеді. Қазіргі таңда сынамалық өнімдер өндірістен шықты.

Зауыттағы өндіріс процесі толықтай автоматтандырылған. Нысан соңғы үлгідегі қытайлық технологиялармен жабдықталған. Жылжымалы туннельді пеш жүйесі қолданылады. Бұл тәсіл өнімнің сапасын арттырып қана қоймай, энергия үнемдеуге де ықпал етеді. Кірпіш күйдіруде газ пайдаланылатындықтан, атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтардың көлемі айтарлықтай азаяды. Яғни, кәсіпорын экологиялық тұрғыда қауіпсіз әрі тиімді.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, зауыттың іске қосылуы өңірдің құрылыс индустриясын дамытып қана қоймай, шағын және орта бизнестің дамуына да қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, бюджетке түсетін салық көлемі артып, аудан экономикасына қосымша кіріс түседі.

Ордабасы ауданындағы бұл өндіріс орны алдағы уақытта аймақтағы ірі жобалардың біріне айналмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Эксперты обсудили проект новой Конституции Казахстана

berdaly_oraz

Ордабасы ауданында үш рет пәтер ұрлығын жасаған жас жігіт ұсталды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҒАЛАДЫ

berdaly_oraz