Отырарда қоғамдық тұрақтылықты күшейту жолдары талқыланды

Отырарда қоғамдық тұрақтылықты күшейту жолдары талқыланды,-деп хабарлайды Арысинфо.кз.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Отырар ауданында жұмыс сапарымен болып, қоғамдық тұрақтылық пен әлеуметтік үйлесімділікті арттыру мәселелерін талқылауға арналған көшпелі кеңес өткізді. Кездесу барысында өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту, халық арасындағы бірлікті сақтау және әлеуметтік шиеленістердің алдын алу бағытындағы маңызды ұсыныстар қаралды.

Ертай Алтаев жиында Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, халықпен тұрақты байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті. Ол көтерілген мәселелерді уақтылы қарастырып, заң аясында нақты шешімдер қабылдауды, сондай-ақ жергілікті әкімдік пен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысын күшейтуді ұсынды. Бұл тәсіл қоғамның сенімін арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп бағаланды.

Кеңес барысында Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Жұмашбеков пен Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов аудандағы жағдай бойынша есеп беріп, түрлі бастамалар мен жобаларды жүзеге асыру барысын таныстырды. Олардың баяндамасында тұрғындармен өзара іс-қимыл жасау, әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешу және қоғамдық тәртіпті сақтау шараларының маңызы атап көрсетілді.

Жиынды қорытындылай отырып, Ертай Алтаев алда тұрған міндеттерді нақтылап, қоғамдық тұрақтылықты нығайту жолында бірлесе жұмыс жасау қажеттігін тағы бір мәрте айтты. Сонымен қатар, әрбір азаматтың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жастар мен әйелдердің әлеуметтік белсенділігін арттыру және ауылдық жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жандандыру қажет екені айтылды.

Облыстық деңгейде өткізілген бұл көшпелі отырыс қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыруға, тұрғындар мен билік арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ жергілікті әкімдіктің халыққа жақын жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

«115% өсім»Түркістан облысы тұрғын үй құрылысы бойынша рекорд орнатуда

berdaly_oraz

«Депутаттық сауалымның еш қатысы жоқ» Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясындағы қызметінен неге кеткенін мәлімдеді

berdaly_oraz

Түркістан облысында шіркейге қарсы 111 тоннадан астам биопрепарат қолданылмақ

berdaly_oraz