Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысты.
Ауқымды жиында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының басшылары мен халықаралық рейтингтік және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосты. Форумның мақсаты — Қазақстанның жоғары білім жүйесін жаһандық академиялық кеңістікпен ықпалдастырып, халықаралық серіктестікті нығайту.
Форумға Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (МГИМО), Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті сынды әлемдік деңгейдегі оқу орындарының жетекшілері қатысты.
Бұл шара Қазақстанның білім беру саласындағы халықаралық беделін арттыруға және академиялық серіктестік аясын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.
