Президент Конституцияға өзгерістер тек референдум арқылы енгізілуі тиіс екенін айтты

Мемлекет басшысы болашақта Конституцияға кез келген, тіпті шағын өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, ондай шешім тек референдум арқылы қабылдануы тиіс деген ұстанымын білдірді.

Президенттің айтуынша, бұл қадам азаматтардың саяси-құқықтық рөлін күшейтудің маңызды тетігі болмақ.
– Конституция – елдің ең басты бағыт-бағдарын айқындайтын темірқазық құжат. Оны әр азамат білуі әрі қадірлеуі қажет. Сондықтан оған қатысты кез келген түзету халықтың тікелей қатысуымен жүзеге асуы тиіс, – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы арнайы комиссия Конституцияға қатысты барлық ұсыныстарды жан-жақты саралағанын атап өтті. Нәтижесінде әзірленген түзетулер Ата заңның барлық негізгі бөлімдері мен баптарын, оның ішінде преамбуласын да толық қамтитын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта екі мыңнан астам тұрғын «Таза Қазақстан» науқанына үн қосты

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСКЕН

berdaly_oraz

Сот шешімінсіз баспанадан шығаруға жол бермеуді Қазақстанның жаңа Конституциясында бекіту ұсынылды

berdaly_oraz