РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ОРДАБАСЫДА «ӘР ДАУЫС — БОЛАШАҚҚА АРТЫЛҒАН ҮМІТ» АТТЫ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ордабасы ауданында референдум күніне орай №455 дауыс беру учаскесінде ерекше символикалық акция ұйымдастырылды. Онда дауыс беруге келген әрбір азаматқа тал мен гүл көшеттері табысталды. «Әр дауыс – болашаққа артылған үміт» атты бастама — азаматтардың ел болашағына деген жауапкершілігін және белсенді азаматтық ұстанымын білдіруді мақсат етеді.

Акцияның басты мақсаты – дауыс беру арқылы әр азаматтың ел болашағына өз үлесін қосатынын көрсету. Бүгін берілген дауыс пен отырғызылған көшет уақыт өте келе өсіп, болашаққа деген үміт пен сенімнің символына айналды. Ұйымдастырушылар бұл бастама арқылы тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға және табиғатты аялауға шақырады.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында республикалық референдумға байланысты 53 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Аудан бойынша жалпы халық саны – 134 000 адам. Ал референдумға қатысуға құқылы дауыс берушілердің жалпы саны – 72 890. Референдумды өткізуге 366 комиссия мүшесі жұмылдырылған. Таңғы уақыттан бастап тұрғындар белсенді түрде келіп, өз таңдауларын жасауда.

Дереккөз: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында «Репродуктивті денсаулығын қорғау» апталығы басталды

Президент Конституцияға өзгерістер тек референдум арқылы енгізілуі тиіс екенін айтты

berdaly_oraz

Арыста “Таза Қазақстан” аясында киелі мекендерге тазалық жұмыстары жүргізілді