РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАНДА «LIDER PREMIUM» ЗАУЫТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістанда жиһаз өндіретін «LIDER PREMIUM» зауытының қызметкерлері саяси науқанда белсенділік танытып, №115 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасады. 

«Әрбір мемлекет үшін халықтың пікірін ескеру – тұрақты даму мен әділ қоғам құрудың негізгі шарттарының бірі. Референдум – осы мақсатқа жетудің тиімді жолдарының бірі. Мұндай маңызды кезеңдерде азаматтар өз таңдауы арқылы елдің болашағына ықпал етеді. Әрбір дауыс – қоғамдағы өзгерістерге деген көзқарастың белгісі. Сондықтан референдумға қатысу арқылы адамдар өз елінің тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді»- деді зауыт қызметкері Серік Жұмахметов.

Айта кетейік, түркістандық жиһаз зауытының бүгінгі таңда еліміз бойынша 60-тан аса дүкендері жұмыс істейді. Мекеме 300-ге жуық азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олар біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын Түркия елінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алған.

Дереккөз: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында мал дәрігерлері 271 млн теңге жымқырған

41 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Полицейлерге кедергі келтірген әйелдің басы дауға қалды

berdaly_oraz