Полицейлерге кедергі келтірген әйелдің басы дауға қалды

28 наурыз күні Атырау облысы Исатай ауданында 18 жастағы тұрғын полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, Lada Priora автокөлігімен бой тасаламақ болған. Бұл туралы AtyrauPress тілшісі хабарлады. Нәтижесінде ол ұсталып, жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын басқару құқығынсыз басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік хаттамалар жасақталды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, бейнежазбадағы полиция қызметкерлерінің әрекетіне кедергі келтіргені үшін 57 жастағы әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлғаға басқаруға бергені үшін автокөлік иесі де жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылық жасаған 18 жастағы азаматтың оқу орнына профилактикалық шаралар қабылдау үшін тиісті ұсыныс жолданды. Аталған факт заң талаптарын бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығын және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын елемеуге немесе кедергі келтіруге жол берілмейтіндігін айқын көрсетеді.

ВИДЕО ОСЫНДА…

Ұқсас жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «ӘР ӘКІМ ӨЗ ЖҰМЫСЫНА ЖАУАП БЕРУІ ТИІС»

berdaly_oraz

ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚ МОНЕТА ШЫҒАДЫ

Redaktor Arysinfo

Рейтинг МВФ: крупнейшие экономики мира в 2026 году

Redaktor Arysinfo