Сайрам ауданы әкімі өкімімен ауданы әкімдігінің аппаратының басшысы лауазымына Сарыбеков Нұрлан Өмірбекұлы тағайындалды.
Нұрлан Өмірбекұлы 1982 жылғы 16 қазанда Сайрам ауданында дүниеге келген. Ол Қазақ-Өзбек инженерлік гуманитарлық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын заңгер ретінде бастаған. Бұған дейін Шымкент қаласындағы «Stroi Invest» және Сайрам ауданындағы «Бірлік Кредит» ЖШС-де заңгер қызметін атқарған. Сондай-ақ, Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық басқармада бас маман-заңгер, кейін ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында бөлім меңгерушісі және орталық директоры қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар, Нұрлан Өмірбекұлы Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарған тәжірибесі бар.
