Сайрамдағы облыстық спорт мектебінде 5 чемпион даярланды

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен спорт саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде ауыл-аймақтардан да ел намысын қорғайтын талантты спортшылар өсіп шығуда.

№5 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді. Мектеп директоры Нұрлан Айтмурзаев чемпиондар мен жүлдегерлерді арнайы қабылдап, олардың жетістіктерімен құттықтады. Ол жас спортшылардың ел намысын абыроймен қорғап жүргенін атап өтіп, алдағы жарыстарда да жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдірді. Сондай-ақ спортшылардың табысы жаттықтырушылардың кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі екенін айтты.

Қазақстан чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болғандар қатарында еркін күрестен 92 келі салмақта алтын медаль жеңіп алған Айтуған Нұрислам, әйелдер боксы бойынша 35 келіде чемпион атанған Насанова Аиша және 67 келіде топ жарған Сахи Нұргүл бар. Сондай-ақ таеквондо WT спорт түрінен 45 келіде қола жүлде алған Жанболат Бекжан, кикбоксингтен 52 келіде алтын медаль иеленген Ким Виолетта, 75 келіде жеңіске жеткен Серікбай Бақытжан және 48 келіде күміс медаль алған Ким Анжела де өңір мерейін үстем етті.

Аталған спортшылар алдағы уақытта халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Теміртауда қарияны ұрып,соққан 9 күдікті 2 айға қамалды

berdaly_oraz

Қаскелеңде сот залынан қашып кеткен күдікті әлі табылмады

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ І СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo