САЙРАМДЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

САЙРАМДЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі өтті. Салтанатты жиында 7 ана «Алтын алқа», ал 24 ана «Күміс алқа» төсбелгілеріне ие болды. Марапаттарды аудан әкімі Мадияр Оразалиев табыстап, аналардың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталды.

Аудан басшысы өз сөзінде көпбалалы аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтіп, ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбектері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, өңірдің демографиялық өсіміне үлес қосып отырған аналардың мәртебесін арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін айтты.

Айта кетейік, Сайрам ауданы демографиялық өсім көрсеткіші бойынша өңірдегі алдыңғы қатарлы аудандардың санатына кіреді. Қазіргі таңда ауданда 12 911 көпбалалы ана бар. Олардың ішінде 129 ана «Батыр ана» атағын иеленсе, 3 841 ана «Алтын алқа», 4 923 ана «Күміс алқа» иегері атанған. Бұдан бөлек, 355 ана І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған.

Шара барысында марапат иелері мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдіріп, ел болашағы – ұрпақ тәрбиесі жолындағы жауапкершіліктің зор екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста “Жасыл толқын” бастамасымен экологиялық сенбілік өтті

berdaly_oraz

Түркістан облысында биыл 41 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагеріне барады

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНАН СӘУЛЕТІ КЕЛІСКЕН ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo