Сарыағаш ауданында екі жаңа мектеп ашылды

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Сарыағаш ауданында 900 оқушыға арналған екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім ошақтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды.

Жаңа оқу жылында есігін айқара ашқан нысандар – №80 жалпы орта мектеп пен Жаскешу елді мекеніндегі №37 Бейімбет Майлин атындағы мектеп. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаты Алмас Сәлимов, аудан әкімі Арман Абдуллаев және мәслихат депутаттары қатысты. Олар ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтап, білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Заманауи үлгіде салынған екі қабатты мектеп ғимараттарында кең әрі жарық сыныптар, пән кабинеттері, шеберханалар, спортзал, акт залы, кітапхана, асхана мен медициналық пункт бар. Қауіпсіздік үшін бейнебақылау жүйелері орнатылған. Құрылысты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен «Арт-құрылыс» ЖШС жүргізді.

Айта кетейік, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында барлығы 29 мектеп салу жоспарланған. Өткен оқу жылында 13 мектеп іске қосылса, биылғы оқу жылында 8 жаңа мектеп пен 2 жалпы орта білім ошағы оқушыларды қабылдайды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жол қауіпсіздігі күшейтілуде

berdaly_oraz

Түркістан облысының тұрғындарына 10 мыңнан аса бос жұмыс орны ұсынылды

«Арыс-2025»: Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының оқу-жаттығулары аяқталды

berdaly_oraz