САРЫАҒАШ: ҚҰРКЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚАРҚЫНДЫ — НАУБАЙХАНА ТӘУЛІГІНЕ 2 МЫҢ ДАНА ӨНІМ ШЫҒАРАДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіндегі бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты. Кездесу барысында өңір басшысы мемлекет тарапынан бизнесті қолдау шаралары жалғасатынын атап өтіп, бәсекеге қабілетті өнім өндіру, сапаны арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу аймақ экономикасының негізгі тіректерінің бірі екенін айтты.

Алдымен аудан әкімі Береке елді мекенінде орналасқан «Мейірбек» жеке кәсіпкерлігінің наубайханасына барды. Кәсіпорын 2026 жылы жұмысын бастаған. Қазіргі таңда мұнда нан өнімдерінің 11 түрі өндіріледі. Өндірістік қуаты тәулігіне 2 000 данаға дейін жетеді. Наубайханада 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Дайын өнімдер аудан аумағында және көршілес өңірлерде тұрақты сұранысқа ие.

Сондай-ақ аудан басшысы жеке кәсіпкер Нұрымбет Әбеевтің сүт өнімдерін өңдейтін цехының қызметімен танысты. 2022 жылы іске қосылған өндіріс орны тәулігіне 3 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Қазіргі уақытта мұнда 4 адам тұрақты, 10 адам маусымдық негізде еңбек етеді. Өнімдер республика көлемінде өткізілуде.

Кәсіпкердің мәліметінше, биыл наурыз айында өндірістік үдерісті жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында өзге өңірлерден білікті мамандар шақырылып, бірлескен жұмыстар жүргізу жоспарланған.

Кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында аудан әкімі өндірістің тұрақтылығын сақтау, өнім сапасын бақылау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын зерттеу орталығы мен университетін ашу бойынша келіссөз жүргізілді

Қазақстанда тәуелсіз медициналық сарапшылар институты енгізілді

berdaly_oraz

Арыс футбол клубы өз алаңында айқын жеңіске жетті