Түркістан облысының Мақтаарал ауданында өткен «Maqtaaral CUP – Жастар таңдауы: Конституциялық реформаларды қолдау» атты облыстық турнирде Сарыағаш ауданының командасы ІІ орынды жеңіп алды. Аймақтың әр өңірінен жиналған онға жуық команда тартысты додада өзара мықтыны анықтады.
Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері жоғары дайындықтарын көрсетіп, ұйымшылдық пен командалық үйлесімділіктің арқасында күміс жүлдеге қол жеткізді. Турнирдің негізгі мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын дәріптеу және өзара ынтымақтастықты нығайту. Сонымен қатар іс-шара барысында Конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
