Сарыағашта аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізіп, халықты толғандырған мәселелерді тыңдады. Қабылдауға әкімнің орынбасарлары, салалық бөлімдердің басшылары, сондай-ақ қала мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар инфрақұрылымға қатысты бірқатар түйткілдерді көтерді. Атап айтқанда, көше жарығын жақсарту, ауыз сумен қамту, жер қатынастарына байланысты мәселелер және басқа да жеке өтініштер айтылды.

Аудан басшысы әрбір мәселені жеке қарастырып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Көтерілген барлық өтініштер аудан әкімдігінің тұрақты бақылауына алынып, қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары қарастырылатын болды.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданы әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылу аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар egov.kz порталы, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі немесе әкімдікке тікелей жүгіну арқылы өтініш қалдыруға мүмкіндік бар. Қосымша мәліметті +7 (725 37) 7-97-13 байланыс нөмірі арқылы алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық боксшылар Коротков турнирінде топ жарды

Арыста жаңа оқу жылына орай мектеп жәрмеңкесі өтеді

berdaly_oraz

Түркістан мен «Қазақстан халқына» қоры: жаңа жобалар, нақты қолдау

berdaly_oraz