Сарыағашта жарық бағаналары жаңартылуда

Сарыағашта жарық бағаналары жаңартылуда
Жартытөбе ауылдық округінде электр желілері толық жаңғыртылуда

САРЫАҒАШ – Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне жұмыс сапары барысында елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

Атап айтқанда, Бостандық, Ынтымақ және Құрама елді мекендеріндегі көшелерде ескірген ағаш электр бағаналары бетон бағаналармен ауыстырылып, жаңа трансформатор қондырғылары орнатылуда.

Аудан басшысы мердігер мекемеге барлық электр жабдықтарын толық әрі сапалы орнату қажеттігін ескертіп, бұл жұмыстар аяқталған соң тұрғындар тарапынан жарық мәселесіне қатысты шағым болмауы тиіс екенін баса айтты.

Құрылыс жұмыстарының сапалы және мерзімінде орындалуын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Самат Қарақұловқа бақылауға алу тапсырылды.

Жобаға тапсырыс беруші – Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНҒА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» КЕЛДІ

Өңірлік жаңалықтар: Жетісай ауданында «Қоныс аудару” жәрмеңкесі өтті

Альфия Адамбек

Еңбек қауіпсіздігін сақтамағандарға қатаң шаралар енгізілді

berdaly_oraz

Пікір жазу