Сарыағаштағы құрылыс пен инфрақұрылым жұмыстары назарда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, жүріп жатқан құрылыс және коммуналдық жобалардың барысын қадағалады. Сапар барысында ол аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге бірнеше нысанды аралап, жұмыс сапасын тексерді.

 

Алдымен Шәмші Қалдаяқов гүлзары маңындағы №3 жатақхана аумағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қаралды. Биыл бұл жерде санитарлық тораптар толық жаңартылып, жаңа қоқыс жинау алаңы салынған. Гүлзар бойындағы көпқабатты үйлерге кәріз жүйесін тарту ісі де жалғасып жатыр. Бұл жобаны жергілікті бюджет қаржыландырады, ал нысан «Сарыағаш қызмет» КММ қарауына берілген.

 

Сапардың келесі нысаны — «Қапланбек» кеден бекеті. Мұнда өткізу қабілетін күшейту, жолаушылар ағынын реттеу және инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері талқыланды. Зұлпыхар Жолдасов жолаушылар көліктерінің ұзын-сонар кезекке тұрмауын қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тапсырмалар берді.

 

2022 жылдың соңында қайта жаңғыртуға жабылған «Қапланбек» бекеті 2024 жылы толық жөндеуден өтіп, 2025 жылдың 5 ақпанынан бастап қайта жұмысын бастаған. Қазіргі таңда пункт заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, екі бағытта 16 паспорттық бақылау терезесі қызмет көрсетеді. Өту процесі автоматтандырылған.

 

Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары «Самал-3» шағынауданын ауыз сумен қамту жобасының жай-күйін көрді. 2025 жылдың тамызында басталған бұл жоба бойынша 166,5 шақырым су желісін тарту көзделген. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Жобаның тапсырыс берушісі – аудандық ТКШ бөлімі, ал мердігер — «Сарыағаш-Аман» ЖШС.

Ұқсас жаңалықтар

«Арыс» футбол клубы сырт алаңда сенімді жеңіске жетті

berdaly_oraz

Түркістан облысындағы тігін цехында жылына 250 мыңға жуық арнайы жұмыс киімі тігіледі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ БАР

Redaktor Arysinfo