САУРАНДА “ОТБАСЫ FEST” ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дереккөз, фото: Сауран ауд әкімдігі

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен, ауданның құрылғанына 5 жыл толуына орай “Отбасы FEST” атты отбасылық сайыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық тәрбиені насихаттау, жанұя институтын нығайту және ата-ана мен бала арасындағы байланысты арттыру.

Тағылымды шараға Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Ергешбайұлы, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердалы Әшірбекұлы және “Сауран” газетінің бас редакторы Ләззат Ханыбекқызы қатысып, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді. Олар өз сөздерінде отбасының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, мұндай бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

Сайысқа барлығы 7 команда қатысып, бірнеше кезең бойынша өзара бақ сынады. Атап айтқанда, асық ату, шеге қағу, қымыз ішу, пазыл құрау, атқа шалма салу және арқан тартыс сынды ұлттық ойындар мен сайыс түрлері ұйымдастырылды. Қатысушылар әр кезеңде ептілік пен шеберліктерін, ұйымшылдық пен татулықтарын көрсете білді.

Сайыс қорытындысы бойынша:

🥇 I орын – “Найман” тобы

🥈 II орын – “Шуақ” тобы

🥉 III орын – “Сауран” тобы

Ынталандыру сыйлықтары “Қырандар” және “Супер туысқандар” топтарына табысталды. Ал “Алтын ұя” мен “Самұрық” топтары қатысқаны үшін марапатталды.

“Отбасы FEST” – ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, отбасы бірлігін нығайтуға бағытталған мазмұнды шаралардың бірі. Мұндай іс-шаралар қоғамда берекелі отбасының үлгісін насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды

Шымкенттегі цифрландыру: қала өмірінің барлық саласында технологиялық серпіліс байқалады

berdaly_oraz

Түркістан: Шардарада армрестлингтен әлем чемпионына үй кілті табысталды

berdaly_oraz