Шардарада шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары күшейтілді

Түркістан облысы Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл бұл жұмыстар сәуір айынан басталып, жүйелі түрде жалғасып келеді. Соңғы күндері шіркейдің көбеюі байқалған кейбір елді мекендерде дезинсекциялық шаралар күшейтілген тәртіппен қолға алынды.

Бүгінгі күні Көксу ауылдық округінде дернәсілге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл ішіндегі көшелер, көгалды аймақтар мен ағаштар толық қамтылды. Бұл жұмыстарға 4 арнайы техника мен 6 маман тартылып, бүрку құрылғыларымен залалсыздандыру жүргізілді. Іс-шара Ұзыната ауылында жалғасуда.

Шіркейге қарсы күрес Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тікелей бақылауымен жүзеге асырылып жатыр. Тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында бұл жұмыстар кезең-кезеңімен әрі тұрақты түрде атқарылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік оқушы әлемнің үздік университеттерінен шақырту алды

berdaly_oraz

Арыста биыл 26 ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылды

Альфия Адамбек

Жыл басынан бері 24 жер қойнауын пайдаланушының жұмысы тоқтатылды