Шымкент қаласы білім басқармасы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салды

Шымкент қаласы білім басқармасы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салды,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Білім басқармасының өкілдері мұндай шектеу білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ата-аналар мен оқушыларға қаржылық ауыртпалық түсірмеу мақсатында енгізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының әкімшілігіне сыйлық жасау дәстүрінен бас тартуға шақырды. Барлық білім беру мекемелері бұл талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет, ал заңсыз ақша жинау фактілері анықталған жағдайда, тиісті шаралар қолданылатыны ескертілді.

Ата-аналар мен оқушылар қандай да бір мектепте немесе колледжде ақша жинау талап етілсе, жергілікті білім басқармасына немесе құзырлы органдарға шағымдана алады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

berdaly_oraz

Арыс қаласы және ауылдық округтердегі агроқұрылымдарға субсидия бөлінеді

berdaly_oraz

Халық қабылдаған шешім елімізді жаңа белеске шығарады – Әшімбаев

admin_arysinfo

Пікір жазу