Шымкентте 20 жыл бойы баспана күткен тұрғын әкімнен көмек сұрады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен кездесу өткізіп, олардың мәселелерін тыңдады. Жиын барысында баспанаға қол жеткізе алмай жүрген азамат әкімге өз жағдайын айтып, көмек сұрады.

«Әкім мырза, менің баспанасыз жүргеніме 20 жыл болды. Үйсіз жүргеніме әбден қажыдым, көмектесіңіз!» – деп тұрғын жанайқайын жеткізді.

Қазіргі таңда Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 40 мыңнан асады. Бірақ олардың мәселесі толық шешілмеген күйі қалып отыр. Қала билігі бұл мәселені қалай шешпек? Тұрғындар қашан тұрақты баспанаға қол жеткізе алады? Бұл – әлі де жауабы табылмаған сұрақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық әжелер Димаштың әніне би билеп, белсенді өмір салтын насихаттады

berdaly_oraz

Беймезгіл уақытта көшеде қаңғып жүрген 273 жасөспірім анықталды

Альфия Адамбек

Түркістан облысында дүбірлі көкпар ойыны өтті

Пікір жазу