Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовты әлдекімдер атып кетті

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта оның жағдайына қатысты нақты мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Белгілі журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, шенеунікке оқ атқан күдікті қолға түскен. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Шымкент қалалық полиция департаментіне ресми сауал жолданды. Құқық қорғау органдары тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Қосымша мәліметтер ресми ақпарат түскеннен кейін жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

«AMANAT» партиясының «Taza Qazaqstan» road-эстафетасы Түркістан қаласында жалғасуда

berdaly_oraz

Іздеу саламыз!: «Тақыркөлде» жоғалған Аиданың тағдыры әлі де беймәлім

berdaly_oraz

Түркістан облысында ерекше балаларға арналған үш жаңа оңалту орталығы ашылады

berdaly_oraz